Внимание

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28      8 702-100-27-65 pressa@almatysu.kz

 

Текст бегущей строки...

Извините, данная запись доступна только на Русский

Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су желісі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 «Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес реттеліп көрсетілген қызметтерді ұсыну жөніндегі сумен қамтамасыз ету қызметі туралы2016 жылғы есебін, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2017 жылдың 12 сәуірінде сағат 16:00-де Алматы қаласы, 8 ықшам ауданы, 82-а мекен-жайы бойынша өтетіні туралы хабардар етеді.

*****

Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су желісі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №87-НҚ «Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су желісі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның сумен жабдықтау қызметтеріне 2016-2020 жылдарға арналған сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өз тұтынушыларының назарына 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сумен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тарифтің шекті деңгейі 30,68 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілгенін мәлімдейді.

*****

Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасының  шаруашылық жүргізу  құқығындағы «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әрі қарай – МКК «Бастау»), Сізді 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап жеке есептеу құрылғыларын (әрі қарай – ЖЕҚ) алғаш рет орнату және орнатылған ЖЕҚ-ты ауыстыру жұмыстарымен айналысатынын хабарлайды.

ЖЕҚ орнату және/немесе ауыстыру үшін келісім шартқа отырып, көрсетілетін қызмет үшін ақыны МКК «Бастау» кассасына төлеу қажет.

ҚР Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігі Департаментінің 2013 жылғы 04 қыркүйекте келесі қызметтер үшін бағасын бекітті:

  • ЖЕҚ-ты алғаш рет орнату – 10 000 тг ҚҚС-мен;
  • ЖЕҚ-ты ауыстыру – 5 500 тг ҚҚС.

Толық ақпарат алу үшін 3 777 444 және 227 60 84 телефонына хабарласыңыз немесе Жароков к-сі, 196, №109 кабинетте кеңес алуға болады.

*****

Тұтынушының жеке кабинетінде Сіз:

• Жеке шотынызға қатысты ағымдағы ақпараттарды ала  аласыз;

• есептеулер мен төлемдер тарихын (мұрағатын) көре аласыз;

• есептеулер бойынша толық мәлімметтер аласыз;

• есептеу құралының көрсеткішін жібере аласыз;

• есептеу құралына  пломба қою, пломбасын алу туралы өтінішіңізді жолдауға болады;

• төлем жасайтын түбіртегіңізді шығара аласыз;

• ғаламтор арқылы төлем жасауға болады;

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің барлығын ғаламтор желісіне қосылған  қалаған компьтер арқылы, қалаған уақытыңызда жүзеге асыра аласыз. Жеке кабинетте жұмыс істеу үшін сіз ең алдымен тіркелуіңіз қажет.

Тіркелу барысында Сіз өзіңіздің қолданыстағы  электрондық поштаңызбен соңғы жасаған төлеміңіздің соммасымен күнін көрсетуіңіз керек.

Жеке кабинетке қатысты барлық сұрақтарыңызды  Web-порталдың мамандарына келесі телефондар бойынша +7 (727) 396-95-66 немесе almatysu@mail.ru , info@almatysu.kz электрондық пошталарына хат жіберу арқылы қоя аласыз.

*****

Құрметті Тұтынушылар! 

«Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сіздерден суды ұрлау және ағынды суды қалалық кәрізға/кәрізге заңсыз құю жағдайларын анықтауға ықпал етуіңізді өтінеді. 

Суды ұрлау мен ағынды суды қалалық кәрізге заңсыз құю кәсіпорынға, демек қаламызға да елеулі зиян келтіреді. Сондықтан осы жағдайды дер кезінде анықтау – біздің ортақ міндетіміз, оның шешімі қаламызға, сондай-ақ оның әрбір тұрғынына өз шарапатын тигізеді. 

Сіз өз ақпаратыңызды мына байланыс нөмірлеріне қалдыра аласыз:

  • Бірыңғай анықтама қызметі телефонына: 3 – 777 – 444,  
  • сенім телефонына: 245-95-28      8  702 -100-27-65 
  • кәсіпорынның электронды поштасына жаза аласыз - almatysu@mail.ru 

  Сізге ғана мәлім заңсыз су ұрлау фактілері болуы мүмкін.

Біз Сіздің көмігіңізге шын жүректен сенеміз. «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ұсынған Сіздің кез келген ақпаратыңыздың маңызы зор! Сіздің ешбір хабарламаңыз назардан тыс қалмайды.

Біздің міндетіміз – «су – тіршілік көзі» деген сөзді қала тұрғындарының ұдайы естен шығармауына қол жеткізу. Су сияқты маңызды табиғи қорды ұрлау мен бейберекет қолдануға жол бермеу керек! Су қорының таусылмас шексіз еместігін барлығы да жақсы біледі.